Skip to main content
line

Қоғамдық қор
Nature Intelligence Center (NIC)


Білімді, ақпаратты және сарапшылық тәжірибені биоалуантүрлілікті сақтауға
бағытталған практикалық шешімдерге айналдырамыз
Білімді басқару
Биоалуантүрлілік саласындағы білімді басқару
Экологиялық саясат
Экологиялық саясат және институционалдық даму
Стратегиялық талдау
Стратегиялық
талдау
line

Nature Intelligence Center (NIC)
құру идеясы

Бүгінде биоалуантүрлілік туралы білім ғылыми зерттеулердің, мемлекеттік бағдарламалардың, халықаралық бастамалардың және практикалық жобалардың нәтижесінде қалыптасады. Алайда бұл білім көбіне шашыраңқы күйде қалып, жинақталған тәжірибе әрдайым шешім қабылдаудың негізіне айнала бермейді. Nature Intelligence Center (NIC) биоалуантүрлілікті сақтау және табиғи ресурстарды орнықты пайдалану мақсатында білімді, практикалық тәжірибені және сарапшылар қауымдастығын біріктіру үшін құрылды.
[01]
Деректер мен білімнің үлкен көлемі
[02]
Ақпараттың бытыраңқылығы
[03]
Ғылым мен шешім қабылдау арасы­ндағы байла­ныстың әлсіздігі
[04]
Жинақталған тәжі­рибе мен дәстүрлі білімнің жоғалуы
[05]
Күш-жігердің қайталануы
line

Nature Intelligence Center (NIC)

Биологиялық әртүрлілік саласындағы мамандарды, ұйымдарды және білімді біріктіретін тәуелсіз сараптамалық алаң

Біз ғылым, мемлекеттік саясат, халықаралық ынтымақтастық және табиғи ресурстарды пайдалану тәжірибесінің тоғысқан тұсында жұмыс істейміз

Біз биоалуантүрлілікті сақтауға және табиғи ресурстарды ұтымды басқаруға бағытталған шешімдерді әзірлеу үшін ғылыми зерттеулерді, тәжірибені және үздік халықаралық тәсілдерді біріктіреміз.

Қор сарапшылар, мемлекеттік органдар, ғылыми қауымдастық, халықаралық ұйымдар, бизнес және қоғам арасында білім алмасуға ықпал етіп, білім мен практикалық іс-қимылдың өзара байланысын қамтамасыз етеді.

Ғылым
Ғылым
Экологиялық үдерістерді түсінудің негізін құрайтын ғылыми зерттеулер, мониторинг деректері және заманауи талдау әдістері
Сарапшылар қауымдастығы
Сарапшылар қауымдастығы
Білім алмасуға және кәсіби ұсынымдар әзірлеуге қатысатын ғалымдар, талдаушылар, тәжірибешілер және салалық мамандар
Мемлекеттік саясат
Мемлекеттік саясат
Табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды басқару тәсілдерін айқындайтын стратегиялар, бағдарламалар және нормативтік тетіктер
Халықаралық үдерістер
Халықаралық үдерістер
Биоалуантүрлілікті сақтау және орнықты даму саласындағы халықаралық келісімдер, жаһандық бастамалар және үздік әлемдік тәжірибелер
Табиғатты қорғау
Табиғатты қорғау саласындағы практикалық шешімдер
Нақты жобалар, басқару құралдары және өлшенетін нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған қолданбалы шешімдер
line

NIC қоғамдық қоры
қызметінің негізгі бағыттары

Nature Intelligence Center - табиғи ресурстарды тиімді басқару мен биоалуантүрлілікті сақтауды қолдау мақсатында білімді, сараптамалық тәжірибені және талдау құралдарын біріктіреді. Біз ғылым, мемлекеттік саясат және практиканың тоғысқан тұсында жұмыс істей отырып, деректер мен тәжірибені негізделген шешімдерге айналдыруға ықпал етеміз.
Білімді басқару

Білімді
басқару


Биоалуантүрлілік саласындағы деректерді, зерттеулерді және тәжірибені жинау, жүйелеу және сақтау.
Экологиялық саясат

Экологиялық
саясат


Экологиялық саясаттың, институттардың және басқару тетіктерінің дамуына қолдау көрсету.
Стратегиялық талдау

Стратегиялық
талдау


Негізделген шешімдер қабылдау үшін талдамалық материалдар мен есептерді дайындау.
Экологиялық және әлеуметтік аспектілер

Экологиялық және
әлеуметтік аспектілер


Экологиялық үдерістердің қоғамға және орнықты дамуға әсерін талдау.
Сарапшылық ынтымақтастық

Сарапшылық
ынтымақтастық


Білім алмасу және бірлескен жұмыс үшін мамандар мен ұйымдарды біріктіру.
line

Біздің тәжірибеміз және
Кәсіби сараптамамыз

NIC командасының экологиялық саясат, биоалуантүрлілікті сақтау, халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық талдау салаларында көпжылдық тәжірибесі бар. Біздің мамандар ұлттық және халықаралық деңгейде іске асырылған нормативтік құжаттарды, ұлттық есептерді, экологиялық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге қатысқан.
  • Экологиялық саясат пен заңнаманы әзірлеу және сараптамалық сүйемелдеу
  • Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексін әзірлеуге қатысу
  • Биоалуантүрлілік саласындағы стратегиялық құжаттарды әзірлеу және сараптамалық сүйемелдеу
  • Халықаралық экологиялық келісімдер шеңберіндегі ұлттық есептілікті дайындау
  • БҰҰДБ және басқа халықаралық ұйымдардың жобаларын іске асыру
  • Экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау (SES)
  • Талдау және ақпараттық жарияланымдарды дайындау
line

Білімді басқару -
Шешім қабылдау құралы


Экологиялық шешімдердің тиімділігін арттыруға арналған білімді басқарудың зияткерлік жүйелерін дамыту
line

NIC қоры қызметінің негізгі
нәтижелері

Бұл бөлімде біз жұмысымыздың негізгі нәтижелерін, жаңа бастамаларды, даму кезеңдерін және маңызды жетістіктерді тұрақты түрде жариялап отырамыз. Бұл - сараптамалық платформаның қалыптасуы мен табиғатты қорғау саласына қосқан үлесінің ашық шежіресі.

Тамыз-Қыркүйек 2026

  • Biodiversity Net gain (BNG) тәсілін және оны Қазақстанда қолдану перспективаларын зерделеу
  • Халықаралық сараптамалық байланыстарды кеңейту
  • ЮНЕСКО-ның MOST social Transformations Week форумына қатысу (Париж, қыркүйек 2026)

Шілде 2026

  • қордың ұйымдық құрылымы қалыптастырылды;
  • экспертік желіні қалыптастыру басталды;
  • biodiversity net gain (bng) халықаралық тәжірибесін зерделеу басталды
    Оқиғалар хронологиясы
    Тамыз-Қыркүйек 2026
    • Biodiversity Net gain (BNG) тәсілін және оны Қазақстанда қолдану перспективаларын зерделеу
    • Халықаралық сараптамалық байланыстарды кеңейту
    • ЮНЕСКО-ның MOST social Transformations Week форумына қатысу (Париж, қыркүйек 2026)
    Шілде 2026
    • қордың ұйымдық құрылымы қалыптастырылды;
    • экспертік желіні қалыптастыру басталды;
    • biodiversity net gain (bng) халықаралық тәжірибесін зерделеу басталды
    Сохранение природы
    line

    Серіктестік және
    Ынтымақтастық

    Біз білімді, сараптаманы және практикалық тәжірибені біріктіретін серіктестіктерді дамыта отырып, бірлескен бастамаларды іске асыруға және тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Nature Intelligence Center (NIC) төмендегілермен ынтымақтастыққа ашық:
    Халықаралық ұйымдар
    Халықаралық
    ұйымдар
    Ғылыми-зерттеу жобалары
    Ғылыми-зерттеу
    жобалары
    Сарапшылар желілері
    Сарапшылар
    желілері
    Донорлық бастамалар
    Донорлық
    бастамалар
    Талдау бағытындағы серіктестіктер
    Талдау бағытындағы
    серіктестіктер
    Бірлескен жобалар
    Бірлескен
    жобалар
    Nature Intelligence Center (NIC)

    Тұрақты шешімдер ынтымақтастық арқылы қалыптасады!

    Біз табиғатты қорғауға және экологиялық күн тәртібін дамытуға бағытталған бірлескен жобаларға, зерттеулерге, сараптамалық ынтымақтастыққа және халықаралық бастамаларға ашықпыз.

    Телефон: +7 777 161 9910
    Е-mail: info@nicplatform.org